Ауызсу мәселесі қашан шешіледі?

  • 11
  • 20.10.2025, 19:38

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа Су кодексі қабылданып, халықты толық тіршілік нәрімен қамту ісі басталды. Жаңа ереже аясында су тарифін субсидиялау тетігі енгізілді және төлем мөлшерін әкімдік мамандары өздері белгілейді. Дегенмен бәріне ортақ су тұтыну нормасы – адам басына тәулігіне 140 литр. Шектен асқан жағдайда төлем 30% жоғары тарифпен есептеледі. Мамандардың айтуынша, бұл шаралар ауызсуға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, әлеуметтік теңсіздікті азайтуға бағытталған. 

Нұрсұлтан Керемқұлов, ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары:

-Биылғы жылы 291 жоба іске асырылып жатыр. Бұл бағытта республикалық бюджет есебінен, ұлттық қордан және арнайы ұлттық арнайы қордан ағымдағы жылы 183 миллиард теңге қаралған болатын. 291 жобаның қазіргі таңда 56-сы пайдалануға берілді. Сонда да 46 жоба бойынша жыл соңына дейін аяқталмай қалу риск бар.