Карбамид тыңайтқышы енді елімізде өндіріледі

  • 14
  • 20.10.2025, 19:46

Карбамид тыңайтқышы енді елімізде өндіріледі. Осы мақсатта Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен мұнай-газ химия компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. Академия ғалымдары тыңайтқыштың тиімділігін анықтап, елдің төрт өңірінде кешенді ғылыми зерттеу мен өндірістік сынақ жүргізеді. Атап айтқанда, жаздық бидай, арпа, жүгері, соя және майлы дақылдарға тәжірибе жасалады. Осылайша мол өнім алуға септігін тигізетін тыңайтқыш аммиакті селитраны алмастырады. 

Қуантар Әлиханов, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА пәнаралық ғылым орталығының директоры:

-Бұл карбамид тыңайтқыштары өсімдіктердің түрін таңдамайды, бұл әмбебап, кең ауқымда пайдалануға болатын өнім түрі болып табылады. Сонымен қатар экономикалық тиімділігіне келетін болсақ, аммиакті селитрадан айтарлықтай төмен бағада болады.