Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы 15 мекеме қатысып, 100-ден астам вакансия ұсынған. Республика күніне орай өткен іс-шараға жұмыссыздармен қатар, пробациялық бақылауда тұрғАндар және борышкерлер де шақырту алды. Негізгі мақсат – олардың әлеуметтік жағдайын түзеу. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі биыл оныншы рет өтіп жатыр. Тұрғындар жұмыс тауып, мансап орталығы мамандарынан әлеуметтік және құқықтық кеңес ала алады.