Республика күні – ел егемендігін айшықтайтын айрықша мереке

  • 13
  • 20.10.2025, 19:48

Республика күні ел егемендігін айшықтайтын айрықша мереке. 1990 жылы 25 қазанда тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде қалыптасуға алғашқы қадам жасалды. Осыған байланысты Шымкентте оның мән-маңызын дәріптеуге арналған онкүндік жоспар бекітілді. Тарихи-танымдық жиындар мен көрме-жәрмеңке және концерт ұйымдастырылады. Ал қала тұрғындары Ұлттық мерекенің шығу тарихын біле ме? Оның маңыздылығын қалай түсінеді? Осы сұрақтардың жауабын білу үшін көпшілік арасында сауалнама жүргізілген еді.