Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, профессор Юрий АрАвин 84 жасында өмірден озды. Қаралы хабарды facebook парашасында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бөлісті. Министр қайраткердің қазақ халқының төл музыкасын насихаттаудағы еңбегін ерекше атап өтті. «Юрий Аравин – ұлттық мәдениетке бар жан-тәнімен берілген тұлға. Ол қазақтың бай фольклорлық мұрасын жинақтап, зерттеу мақсатында көптеген ғылыми-шығармашылық экспедицияларға бастамашы болды. Көптеген көне музыкалық туындыны жаңғыртып, ғылыми жүйеге түсірді», – деп жазды.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:-Юрий Петрович өз өмірін өнерге, ұлт мәдениетіне арнап, тұтас бір шығармашылық буынды тәрбиелеген ұлағатты ұстаз болды. Қайраткердің жарқын бейнесі, руханиятымызға сіңірген өлшеусіз еңбегі халық жүрегінде мәңгі сақталады деп сенемін.