Ақтөбеде жас сәулетшілер байқауы басталды

  • 39
  • 21.10.2025, 19:45

Қала әкімдігі «Жаңа идея - жайлы қала» эскиздік жобалар байқауын жариялады. Оған архитектура, ландшафт дизайны, урбанистика, құрылыс, инженерия саласына оқып жатқан жастар қатысады. Басты талап – шаһардағы бос жатқан жерлерді саябақ пен сквер, рекреациялық аймақ ету. Жеңімпаздарға қомақты қаржылай жүлде қоры да бар.

Қала әкімі Азамат Бекет студенттермен жүздесіп, шаһарды жайлы ету мәселелерін талқылады. Болашақ сәулетшілер ұсынған бірқатар тың жобамен танысты. Мәселен, Назерке Сапа: «Ескірген Мұнайшылар саябағын занауи үлгіде жаңғырту қажет», - дейді. 

Назерке Сапа, ландшафттық жобалау факультетінің студенті:

- Қазіргі жағдайы өте нашар. Себебі спорт және ойын алаңдары негізінен резеңкелі жабынмен жасалуы керек. Бірақ ол жерге бетон құйылған. Тек қана қарағаш ағаштары ғана егілген және де санитарлық кесу мен күтімді қажет етеді. Осындай мүлде ағаш егілмеген бос алаң бар. Ол жерге біз амфитеатрды қоюды жөн көрдік. Амфитеатрда мерекелік шараларды немесе шағын концерттерді қоюға болады.

Азамат Бекет, қала әкімі:

- Жалпы осы студенттердің өз көзқарастарын білгіміз келеді. Қаланың дамуына өте үлкен үлесін қосады деп сенемін. Биыл жарияланған корнкурс жылдың соңына дейін толықтай жүлдегерлері анықталғаннан кейін келесі жылы дәл осы жоба бойынша осы саябақтарды жүзеге асыратын боламыз.