Сенаторлар әскердегі жағдаймен танысты

  • 15
  • 21.10.2025, 19:48

Сондықтан сенаторлар әскердегі сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Оларға казармадағы бейнебақылау жүйесінің жұмысы, сарбаздардың ата-аналарымен бейнеқоңырау шалу тәртібі көрсетілді. Сондай-ақ халық қалаулылары әскери бөлімнің қару-жарағы, техникасы және оқу базасы туралы ақпарат алды. Сапар барысында тәртіп пен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды

Сергей Ершов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Әскери бөлімді көруге арнайы келдік. Мақсатымыз – сарбаздардың жай-күйін білу. Олар ата-аналарымен қалай сөйлеседі, әскерде қалай тамақтанады, қауіпсіздігі қалай? Бәрін бақыладық.  Әр бөлім камерамен жабдықталған. Барлығы көңілімізден шықты.