Президент тапсырмасымен жүзеге асырылған бағдарлама аясында 26 мыңнан аса бүлдіршін жаңа балабақшаға барды. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландырудың ваучерлік жүйесі енгізілді.
Пилоттық жоба аясында 20 қала мен 7 аудандағы 4,8 мыңға жуық балабақша қамтылды. Өңірлерге 671 мыңнан астам ваучер беріліп, балабақша кезегі азайған. Халықтың әлеуметтік осал санаттарындағы балалар тегін тамақтанады. Ата-аналарға арналған 5,5 мыңнан астам кеңес беру орталығы іске қосылды.