Республика күні: қоғам пікірі

  • 10
  • 22.10.2025, 20:00

Аймақ тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік нысан мен жаңа өндіріс орындары пайдалануға беріледі. Сонымен қатар қала мен аудандарда мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған. «Бұл ел тарихындағы маңызды күннің рухын сезінуге және тәуелсіздік құндылығын ұғынуға жол ашады. Әрі ел бірлігі мен патриоттық сезімді нығайтады», - дейді қала халқы. 

- Республика күні – мемлекеттігіміздің іргетасы қаланған тарихи күн. Бұл мереке ұлттық саяси болмысымыздың еркіндігі мен азаттығын айқындайтын маңызды белес. Жастар осы күннің мәнін терең түсінсе, еліміздің болашағы берік болады деп ойлаймын. 

- Республика күні – бұл ата-бабаларымыз ежелден аңсаған, тәуелсіздіктің белгісіне қол жеткізген күн деп есептейміз. Бұл күн халықтың намысын, келешекке деген сенімін оятады. 

- Бұл күн бізге жауапкершіліктің, бірліктің, татулықтың қажет екенін ұғындырады. Республика күні біздің ең басты құндылықтарымыздың бірі деп санаймын.