Алматының туристік әлеуеті артты

  • 16
  • 22.10.2025, 19:53

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының алғашқы өңірлік конференциясында айтылды. Биыл Қазақстан әлемдік туризмді дамыту деңгейі бойынша 57-орынға көтерілген. Сала мамандарының айтуынша, отандық туризмдегі әйелдердің мүмкіндігін кеңейтіп, саяхат саласында жаңа бағыттарды игеру қажет.

Сонымен қатар Алматының Орталық Азия елдері бойынша туристік әлеуеті арта түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 пайыз көп. Бір жыл ішінде мегаполиске шамамен 1,3 миллион қонақ келді. Бұған бірнеше маңызды іс-шара әсер еткен. Нақтырақ айтсақ, Алматыда әлемдік жұлдыздар концерт беріп, елімізге Реал Мадрид сияқты үздік футбол клубтары келді. Нәтижесінде отандық туризмге салынған инвестиция көлемі де артқан.

Нұртас Кәріпбаев, ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы:
- Сонымен қатар сырттан келген туристтердің де саны 7,5 миллион адамға жетіп отыр. Соның ішінде 1 күннен астам елімізде түнеген турист ол 5 миллионана астам. Бұл туристтердің барлығы елімізге, экономикасына өзінің оң нәтижесін беретініне біз сенімдіміз. Себебі әрбір келген туристті біз инвистиция ретінде көреміз.