Қарағандыда Қазыбек Ашляевтің 80 жылдығына арналған конференция өтті

  • 9
  • 24.10.2025, 20:00

Оның жарқын бейнесін спорт ардагерлері, әріптестері, достары мен туыстары еске алып, мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды. Қазыбек Ашляев қазақ боксының дамуына зор үлес қосты. 1991-94 жылдар аралығында Туризм, дене шынықтыру және спорт вице-министрі болып қызмет еткен. Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры, Мюнхен Олимпиадасына дайындалған құраманың жаттықтырушылар штабында да болған.

Серік Сәпиев, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Қазыбек Сопыжанұлын еске алып, есімін ұлықтау – парызымыз. Қарағанды спортының қалыптасу кезеңінде ол жаттықтырушы ретінде облыстағы боксты басқарды және сол уақытта үлкен нәтижелерге қол жеткізілді. Жалпы қазақ боксының дамуына зор үлес қосқан тұлға.