Ауған соғысының ардагері жастарға ағалық ақылын айтты

  • 30
  • 28.10.2025, 19:54

Талдықорған жастарымен жүздескен Өмірсерік Өмірәліұлы осылай деп ағалық ақылын айтты.

Ауған соғысының ардагері жас буынға ғұмыр жолын да баяндап берді. 1979-1980 жылдары интернационалистік борышын өтеген майдангер ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы және энергетика саласында жұмыс істеген. Бүгінде алпыстың асқарына шықса да әлі күнге дейін еңбек етіп келеді. Емен-жарқын сұхбат барысында ол жастарды білім алу жолында талмай ізденіп, ел үшін аянбай қызмет етуге шақырды. 

Ақерке Досымханқызы, қала тұрғыны:

- Бүгінгі кездесуден түйген ойым, өзіме шығарған қорытындым – әрдайым еңбекке адал болу, адал азамат болу. Біздің еңбекке деген құлшынысымызды арттыру үшін осындай кездесулер үлкен үлесін қосады деген ойдамын. 

Өмірсерік Өмірәліұлы, Ауған соғысының ардагері:

- Ең бастысы, тәртіпті болу керек. Спортқа жақын болу керек. Жалқау болмау керек, білімді болу керек. Ақыл-кеңесімізді білдік. Өзіміздің көрген-білгенімізді айтып бердік. Көк туымыз аспанда желбірей берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, жақсылық заман болсын деп тілеймін.