Ақмола облысында 895 жол-көлік оқиғасы тіркелді

  • 12
  • 30.10.2025, 19:38

Салдарынан 73 адам көз жұмды. Өңірдегі жол апаты былтырғы жылмен салыстырғанда 3 пайызға көбейген. Ал мұндай көрсеткіш жергілікті тәртіп сақшыларын алаңдатып отыр. Сондықтан олар жол бойындағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, көлік көп қатынайтын жолдарды ерекше бақылауға алды. 

Жол-көлік апатының көбі дәл осы Көкшетау-Астана бағытындағы тасжолда тіркеледі. Тәртіп сақшыларының айтуынша, көлік апаты күн сайын болады. Көбінде көліктер қарсы бағытқа шығып кетеді. Бір-бірін басып озамыз деп апатқа ұшырап жатады. Жауапсыздықтың соңы қайғылы жағдайға душар ет ді.  

Жасұлан Мұшаев, көлік жүргізуші:

-Мынадай үлкен машиналарға келеді алдынан келіп кесіп өтеді. Сондай кезде гружонный келе жатқасын тоқтай алмайсың ғой. Артынан кіріп кетететіндей кезде болады.
  
Көкшетау мен Астана бағытындағы тасжолдың бойында 10 шақты бейнебақылау камерасы бар. Алайда жылдымдықты асыратын жүргізушілерді камера тоқтата алмай отыр. «Көбінде қос қаланың арасында жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілері тәртіпке бағынбайды»,– дейді жауаптылар.  

Ержан Қошқарбаев, облыстық ПД басқармасының бастығы:

-Жыл басынан бері заңсыз адам тасымалдайтын такси жүргізушілері кесірінен бірнеше жол апаты тіркелді. Салдарынан 13 адам ажал құшып, 21 адам ауыр жарақат алды. Өйткені дәл осы жүргізушілер көбінесе телефонға алаңдап, жылдамдықты асырады. Биыл осындай 1039 жүргізушіні ұстап, айыппұл салдық. 

Жол апатының алдын алу үшін полицейлер жол белгілерін көбейтіп, қауіпті учаскелерге бақылауды күшейткен.  

Нұрдәулет Оралбай, патрульдік полиция батальонының инспекторы:

-Біз жол апаты көп тіркелетін аймақтарда жолдарды жасанды түрде тарылтып, арнайы белгілер қойдық. Онда жүргізушілер бірден жылдамдықты азайтып, бірін-бірі басып озуға мүмкіндігі болмайды. Сондай-ақ жүргізушілерді тоқтатып түсіндірме жұмыстарын да жүргізіп тұрамыз. 

Қысқа қарай сақшылар қауіпсіздікті екі есеге күшейтеді. Себебі күн райы құбылып, көктайғақ пен боран басталады. Сондайда дабылды ескертулерді елемейтіндер көп.  

Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный