Елге көлік кіргізудің ережесі өзгерді

  • 22
  • 30.10.2025, 19:41

Енді қазақстандықтар шетелден 5 тоннадан асатын жүк көлігі мен жолаушылар автобусын әкеле алмайды. Мұндай транспортты тек заңды тұлғалар мен компаниялар ғана тасымалдайды. Бұған Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық ережелеріне енгізілген түзетулер себеп болды. Жауаптылар: «Бұл қадам қауіпсіздік шараларын күшейту үшін қажет», дейді. Әрі көлеңкелі экономиканың үлесін азайтып, темір тұлпарлардың сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін айтады. 

Ербол Сейпілов, Qazautostandard автомобиль сарапшылары мен аудиторлар қауымдастығының президенті:   

-Қауіпсіздік талаптарына сай үлкен процедуралардан өтеді. Яғни коммерциялық техника болғаннан кейін ауыр жүк көліктері әртүрлі ортада қолданылады. Мысалы, автобустар қаншама жолаушыларды тасымалдайды қоғамдық көлік болғандықтан. Сондықтан оған бақылауды қатаңдату керек. Сол мақсатта жасалған шешім боп тұр.