Мақсат – істі болғандардың цифрлық сауатын және шығармашылық дағдысын дамыту. Қатысушылар афиша, түйіндеме және бизнес-идея жобаларын әзірлеуді үйренді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастама жастардың қоғамға бейімделуіне мүмкіндік береді. Келер жылдың қарашасына дейін ReStart жобасы аясында тренингтер, арт-терапия сабақтары, кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, жұмысқа орналасуға, сондай-ақ психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі.
Айбар Әбілхаятов, жобаға қатысушы:
-Бұрын маған қатысты қылмыстық іс қозғалғандықтан мемлекеттік жұмыстарға белсенді қатыса алмадым, белгілі бір кедергілер болды. Бұл жоба аясында мені психолог болуға немесе басқа салаларды меңгеруге бағыттап жатыр. Бүгін заманауи бағдарламалармен жұмыс істеуді үйрендім.