СҚО-да «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

  • 23
  • 31.10.2025, 19:34

Тұрғындар оларға өздерін толғандырған жеке сұрақтарын қойып, жауап алды. Шағымданушылар негізінен тұрғын үй кезегі, жер және коммуналдық мәселелерін көтерді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер халық пен билік өкілдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Алмас Асайынов, облыс прокуратурасының аға прокуроры:

- Біз қазір барлық келген арыз-шағым тапсырған азаматтардың шағымдарын қабылдап, оларды өзіміздің, яғни прокуратура органдарында немесе басқа мемлекеттік органдар өз құзыретінде олардың арыздарын тіркеп, заңда белгіленген мерзім ішінде олардың шағымдарына жауап береміз.