1 қарашадан бастап не өзгереді?

  • 26
  • 31.10.2025, 19:52

Су және кәріз қызметтерін есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енеді. Тек ережелер нақтыланды. Төлем бұрынғыдай есептегіш құралдар көрсеткішімен жүргізіледі. Егер есептегіш жоқ болса, әкімдік бекіткен норма қолданылады.

Сонымен қатар 1-қарашада субсидияланатын жұмыс орындарына өтінім қабылдау басталады. Аталмыш құжат 31 желтоқсанға дейін enbek.kz платформасы арқылы қабылданады. Ал 3-қарашадан бастап орташа жалақы есептеу тәртібі өзгереді. Тұрақты сыйақылар мен ынталандыру төлемдері де есепке алынады.