Үкімет СҚО-дағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға ₸1,4 млрд бөлді

  • 23
  • 03.11.2025, 19:35

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлді. Негізгі жұмыс өңірдегі мыңға жуық тұрғыны бар Тепличное ауылында атқарылады. Жоспар бойынша ол жерде автожолдарды қалпына келтіру, темірбетон плиталарын төсеу, дренаж жүйесі және абаттандыру жүргізіледі. Су ресурстары және ирригация министрлігінің деректері бойынша алты өңірде гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Олар Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Жобалар саны 57. Бүгінге дейін 221 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, нығайтылыпты.