Мәселен, қаладағы тұңғыш Абай ұлттық мектебінің құрылысымен және білім ордасын жабдықтау жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ ол өңірлік бочча федерациясында болды. Кездесуде аталмыш паралимпиадалық спорт түрін дамыту, соның ішінде инклюзия мәдениетін кино арқылы дәріптеу бағытындағы басымдықтар сөз болды. Бұдан басқа заманауи өнер мұражайына арнайы барды.
Мәулен Әшімбаев Алматыда қаланың сарапшылар қауымдастығының және ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерімен де кездесті. Онда Мемлекет басшысының жобаларын іске асыру барысы талқыланды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларды қамтитын елеулі өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Президентіміз халыққа Жолдауында бір палаталы Парламентке көшу мәселесін қоғам мен сарапшылар талқылауына шығарды. Осы ретте қабылдайтын шешімдерді жан-жақты бірлесіп, сапалы талдаулар арқылы пысықтаудың маңызы зор.