Атап айтсақ, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар ұшқындап, көктайғақ болады. Қазгидрометтің хабарлауынша желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді. Ал Астана мен Солтүстік Қазақстанда жаңбыр жауып, бұрқасын болады. Күн 15 градусқа дейін суытады.
Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:
-Синоптикалық болжамға сәйкес елімізде 2025 ж 3-9 қараша аралығында елімізге солтүстік-батыс циклоны келеді. Ол біздің еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерімізге басым келеді. Ол өзімен бірге қар, боран және жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын алып келеді.