СҚО-ның жылу беру маусымына дайындығы қалай?

  • 25
  • 03.11.2025, 19:33

Солтүстік Қазақстан облысында 32 мың тонна көмір қоры бар. Мамандардың айтуынша, қазір күннің суытуына байланысты қосымша жүк вагондары келеді. Бұл жергілікті нарықты «қатты отынмен» толық қамтуға мүмкіндік береді. Тұрғындардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Петропавл қаласында 4 көмір сату орны бар. Біз қазір солардың бірінде тұрмыз. Көріп тұрғанымыздай, теміржол тұйығында ұзын-сонар кезек жоқ. Ең бастысы көмір бар. Жүк көліктері еш кедергісіз артып әкетіп жатыр. Жалпы солтүстікқазақстандықтар жылыту маусымы 409 мың тонна көмір тұтынады. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі таңда халықтың басым көпшілігі қатты отынмен қамтылған. Дегенмен күннің суытып қардың түсуіне байланысты сұраныстың да артары анық. Ал көмірдің бағасына келсек тоннасы 13,5 мың теңгеден басталады. Ең қымбаты «Шұбаркөл» 25 мың теңгеге дейін жетеді.  
 
Қуандық Шақыбаев
, Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

-
Қазіргі уақытта жолда 212 вагон келе жатыр. 15 мың тоннаға жуық. Осы айда 830 вагон келуге ұсынып отырмыз. Енді ол 57 мың тоннаға жуық. Қазіргі уақытта ешқандай проблема жоқ. Халық 86% көмірді дайындап отыр.

Мамандардың айтуынша, облыс бойынша әлеуметтік нысандар қысқы жылыту маусымына толық дайын. Бұл жұмыс Петропавлдағы жылу электр ортағында да атқарылды. Қазір кәсіпорында 150 мың тонна көмір мен 1000 тонна мазут қоры бар.    

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков