Бизнеске заңсыз араласқандарға жауапкершілік күшейтілді

  • 29
  • 03.11.2025, 19:32

9 айда осы бағытта 98 дерек тіркелсе, 92-сі бойынша кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылып, жалпы сомасы 18 миллион теңге айыппұл салынды. Мәселен, елордада жер департаментінің қызметкері жеке нысандарды заңсыз бұзуды талап еткен. Ал Павлодар облысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы әкімдерді шаруалардан артық құжат талап етуге міндеттеген. Сонымен қатар Маңғыстау облысында Мемлекеттік кіріс департаменті кәсіпкерді заңсыз ҚҚС есебінен алып тастаған. Ақтөбе облысында жер қойнауын пайдаланушыға келісімшарт бойынша жер телімін беруден негізсіз бас тартылған. Биыл Әкімшілік кодекстің 173-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес енді бизнеске кедергі келтірген лауазымды тұлғаларға қатаң шара қолданылады.