Енді Kaspi.kz тұтынушылары алақан арқылы төлем жасай алады

  • 26
  • 03.11.2025, 19:52

Kaspi.kz жаңа инновациялық қызметтерін таныстырды. Қазақстанда жасалған жаңа технологиялардың бірі Kaspi Alaqan қызметі. Енді Kaspi клиенттері алақан арқылы төлем жасай алады. Сондай-ақ Kaspi AI қызметі мен «Сыртқы жарнама» құралы бизнес серіктестерге жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

Әсерлі кеш, музыка және заманауи жаңа өнімдер бұл Kaspi.kz таныстырылымына арналған технология мерекесі. Алматы театрында өткен шарада компания үш жаңа өнімді ұсынды. Солардың бірі Kaspi Alaqan қызметі. Бұл компанияның төл әзірлемесі. «Алақанмен төлем жасау қауіпсіз», дейді мамандар. Себебі әр адамның алақаны өзгеше, ал Kaspi Alaqan ол туралы ақпаратты шифрланған цифрлық кодқа айналдырады. Бұл код Kaspi дерекқорында сақталып, клиентті анықтауға мүмкіндік береді. 

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:

-Біз клиенттің бет жүзі арқылы төлем жасау технологиясын да жасадық. Зерттеулер нәтижесінде төлем жасаудың ең жылдам әрі ең қауіпсіз тәсілі алақан арқылы төлеу екеніне көз жеткіздік. Kaspi Alaqan төлем процесін барынша жеделдетуге мүмкіндік береді, сондықтан енді төлем жасау үшін телефон да, карта да қажет болмайды.


Алақан арқылы алғашқы төлемді аралас жекпе-жек спортшысы Шавкат Рахмонов жасады. Ол сахнада қонақтардың көз алдында Kaspi Alaqan арқылы тауар сатып алды. Жаңа технологияларды іске қосуды қолдауға компанияның серіктестерімен қатар спорт, музыка және кино жұлдыздары да келді.

Ангелина Лукас, бокстан әлем чемпионы:

-
Керемет әсер алдым. Осындай ортада болғаныма қуаныштымын. Қазақстан үшін Kaspi бір үлкен отбасы сияқты. Мен 2019 жылдан бері Kaspi клиентімін. Бүгін міне жаңа мүмкіндіктерді таныстырды. Өте таңғалдым. Қазақстанда Kaspi арқылы цифрлық бағытта дамып жатқанымызға өте қуаныштымын. 

Жаңа технологияны кеш қонақтары да сынап көрді. Қарапайым әрі ыңғайлы қызмет бәрінің көңілінен шықты. Kaspi Alaqan желтоқсан айынан бастап жаппай іске қосылады. Жаңа төлем түрі бірінші Алматыда енгізіледі.
Компания ұсынған тағы бір жаңа қызмет
Kaspi AI.  Бұл Kaspi дүкеннің серіктестеріне арналған интеллектуалды көмекші. Яғни тауардың сапалы фотосуретін салып, сипаттамасын жүктейді. Kaspi AI қызметін іске қосу 2026 жылдың қаңтарына жоспарланған. Ал «Сыртқы жарнама» құралы серіктестерге тауарын әлеуметтік желілерде ілгерілету мүмкіндігін ашады. 

Мақсат Халық, сарапшы:

-Бұл белгілі бір дәрежеде осы салада Kaspi магазин дүкенінде сауда жасайтын компаниялар үшін шағын және орта бизнес үшін таптырмайтын мүмкіндік және де тез табыс табуға және де тез өз тауарын өткізуге жылжытуға жаңа мүмкіндік алып отыр деп айтуға болады. Демек мұның шағын және орта бизнестің дамуына қосар үлесі бар.

 
Kaspi.kz командасы Қазақстан азаматтарының өмірін жақсартатын және елдің инновациялар әлеміндегі орнын нығайтатын жаңа өнімдер мен қызметтерді жасап шығара беретінін атап өтті.

Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев