ҰҚК Шекара қызметі жаңа техникамен жабдықталды

  • 12
  • 04.11.2025, 19:53

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі жаңа техникамен жабдықталды. Шекарашыларға жол талғамайтын көлік, қарда жүретін техника және жүк көліктерінің кілті табысталды. Жалпы саны 102 техника 14 шекара қызметіне үлестірілген. Оларды сатып алуға 2 млрд теңге жұмсалған. Шекара қызметі еліміздегі ең жауапты міндеттің бірегейі. Өйткені ел іргесінің тыныштығын күзетушілер бір сәт дамыл қақпайды. «Сондықтан жауапты қызмет үшін жақсы, жайлы көліктер қажет», - дейді әскерилер. 

Әділ Жұманов, ҚР ҰҚК СҚО бойынша Шекара қызметі департаментінің офицері:

- Соңғы үш жылда жыл сайын шекара қызметі басшылығы тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, осылай машиналарымыз жаңарып жатыр. Шекаралық бөлімшелерге талап бойынша жоғары басшылықтың қай жаққа, қандай маңыздылығына байланысты шекара бөлімшелеріне бөлінді.