Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру жұмыстары басталды

  • 9
  • 05.11.2025, 19:43

2024 жылғы маусымда Қазақстанға 7 бас Пржевальский жылқысы, ал 2025 жылғы маусымда екінші топпен тағы жеті бас жеткізілді. Мамандардың сөзінше, 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен 40 басқа дейін Қамбат ата тұқымын әкелу жоспарланып отыр. Сондай-ақ құлан популяциясы қалпына келтірілді. ХХ-шы ғасырдың ортасына қарай бұл жабайы жануарлар еліміз аумағынан толықтай жойылып кеткен еді. 

Данияр Тұрғамбаев, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы: 

- 2024 жылы 42 құлан «Іле-Балқаш» резерватына және 24 құлан «Алтын Дала» резерватына көшірілді. Ағымдағы жылдың күзінде қосымша 17 құлан «Іле-Балқашқа», ал 19 құлан «Алтын Далаға» жеткізілді. Бұл шаралар жергілікті популяциялардың тұрақтылығын арттыруға және түр бұрын жойылып кеткен аймақтардағы табиғи байланыстарды қалпына келтіруге бағытталған.