Мәселен, ауыл шаруашылығы су ресурстарының шамамен 65% пайдаланады. Сондықтан жауапты министрлік суармалы егіншілікте заманауи технологияларды енгізуге ерекше назар аударуда.
Елде 4803 жерасты су көзі бар. Олардың тәуліктік қоры – 43,2 млн текше метр. Ал сол жерасты суларын тиімді пайдалану үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Мәселен, былтыр ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды. Шаруаларға су үнемдеу технологияларын енгізуге берілетін өтемақы 80%-ға дейін артқан.
Жайық Ерікұлы, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Жерасты сулары департаментінің директоры:
- Алғашқы қадамдардың бірі саланы дамытудың стратегиялық көзқарасын әзірлеу болды. Бүгінгі таңда басымдықтар, мақсаттар мен негізгі міндеттер Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында бекітілген. Тұжырымдамамен қатар негізгі құжаттардың қаңқасын 2028 жылға дейін су саласын дамытудың кешенді жоспары мен 2026 жылға дейін су үнемдеу жөніндегі Жол картасы құрайды.