6-9 қараша аралығында Kaspi Жұма өтеді

  • 7
  • 05.11.2025, 20:03

Қазақстандықтар үшін сүйікті әрі тиімді зат сатып алу мерекесі Kaspi Жұма 6, 7, 8 және 9 қарашада өтеді. 

Әр Kaspi Жұма кезінде қазақстандықтар тиімді бағамен миллионнан астам сауда жасайды. Жүздеген мың отандық кәсіпкер жиһаз, тұрмыстық техника, демалыс турлары, киім-кешек, косметика, дөңгелектер, үй мен жөндеуге арналған тауарлар мен өз өнімдерін ұсынады. Тиімді зат сатып алу мерекесі кезінде шағын және орта бизнестің сауда көлемі бірнеше есе артады. Elzhan Qazaq Brand заманауи ұлттық киім бренді шапан, камзол, тымақ және этно стилдегі басқа да киімдерді тігеді.

Қажымұқан Елжан, Elzhan Qazaq Brand негізін қалаушы:

- Біздер үшін үлкен мереке ғой дәл осы Kaspi Жұма уақытында. Көптеген кісілер кезекке тұрады да, саудасын жасап алуға тырысады. Одан кейін біздің ең басты тұтынушыларымыз шетелден келген қонақтарға, той жасаса құдаларына, сыйлы қонақтарына сыйлыққа алады. Бұл біз үшін әр нәрсенің өз науқаны болған сияқты, егіншілер де өзінің жемістері піскен кездегі теріп алатын науқан сияқты Kaspi Жұма да біздер үшін саудамызды оңтайландырып алуға, саудамызды көтеріп алуға өте жақсы мүмкіндік. Сондықтан да біз бұған арнайы дайындаламыз. Және де тек сатуымызды ғана арттырмайды, біз осыған жаңа дизайндарымызды да дайындап отырмыз.

FitnessBlitz қазақстандық фитнес клубтар желісі Kaspi Жұма-ға жылда қатысады. Мерекеге мұқият дайындалып, клиенттерге тиімді шарттар мен жеңілдіктер ұсынады.

Азамат Оразбай, FitnessBlitz клубының қызметкері:

- Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 8 қалада орналасқан 16 залымыз бар. Күніне 200-300 адамдай қабылдаймыз. Kaspi Жұмаға ең басынан бастап қатысып келе жатырмыз. Бізге және бизнеске пайдалы тұсы – сатылым көлемі 3-4 есе өседі. Спорт негізі арзан емес. Бірақ Kaspi Жұма арқылы ыңғайлы болады және қолжетімді.

Kaspi серіктестері қатарында дүкендер мен өндірушілер бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам жұмыс істейтін курьерлік компаниялар да қатысады. Kaspi жеткізу қызметінің арқасында алматылық Abyroi ұлттық заманауи киім бренді өз өнімдерін еліміздің барлық өңіріне жеткізе бастаған.

Құралай Терлікбаева, Abyroi компаниясының жетекшісі:

- Kaspi жеткізудің бізге көмегі өте зор. Ол қандай жағдайда? Біз еліміздің әр регионындарымен жұмыс істейміз. Атап өтсек, Шымкент өңірінен бастап Ақтөбе, Қызылорда, Астана, Павлодар, Қостанай, Өскемен. Өте сенімді түрде апарып бере аламыз. Уайымымыз жоқ. Бір жерден тоқтап қалады демейміз. Тұтасымен, уақытында жеткізеді. Көп-көп рақмет, алғысымыз шексіз.

Kaspi мен серіктестері үнемі жаңа идеялар тауып, клиенттерін қуантуға тырысады. Осы Kaspi Жұмада сатып алушыларды 50%-ға дейінгі жеңілдіктер, үздік дүкендер мен брендтерден жоғары бонустар және тиімді сатып алу шарттары күтеді. Дамыған елдердің көпшілігінде жеке сауда мерекелері бар және тиімді шарттары тұтынушыларға қуаныш сыйлайды. Kaspi Жұмада қазақстандықтар бонустар мен жеңілдіктер және тиімді бағамен зат сатып алады. Ал отандық кәсіпкерлер дамып, жаңа жұмыс орындарын ашады, салық төлеп, Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосады.

Құралай Жұмахан, Айдос Серікболұлы