Ол көшелер бұған дейін жұрт аузында бірінші, екінші, үшінші сызық деп қана аталатын. Қапшағай су қоймасының жағасында орналасқан «Рауан» ықшам ауданында осындай атауы жоқ алты көше болған еді. Енді олар өңірдің дамуына айрықша үлес қосқан Әбдіқадыр Нұрмағанбетов, Ақбай Әлібаев, Жақыпжан Шәріпов, Сүндетбай Балқашев, Жұмабек Жақыпов, Әукен Жылқыбаев сияқты қоғам қайраткерлерінің есімімен аталады. Бірлескен қаулы мен шешім 2025 жылғы 9 қарашадан бастап күшіне енеді.
Төлеген Кенжебеков, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары:
-Қазіргі таңда 6 көшенің атауы өзгертілді. Оның барлығы Қонаев қаласына, Қазақстан Республикасына белгілі, ҰОС ардагерлеріне және мемлекеттік қоғам қайраткерлерінің есімдеріне ауыстырылды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да заң аясында жалғастырылатын болады.