Елордада «Ұлттық мүдде» диалог алаңы өтті

  • 9
  • 07.11.2025, 19:50

Елордадағы Ұлттық музейде Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңы өтті. Кездесуде цифрландыру дәуірінде рухани құндылықтарды сақтау және жасанды интеллектіні тиімді пайдалану жолдары талқыланды. Сенат төрағасы цифрлық технологияларды қауіп емес, мүмкіндік ретінде қарастырып, ұлттық және цифрлық иммунитетті күшейтудің маңызын атап өтті. Іс-шара барысында қатысушылар E-museum, Steppe Games, «Қазақ әдебиетінің аудиоқоры» сияқты заманауи жобалармен танысып, ұлттық мәдениетті цифрлық форматта дәріптеудің жаңа тәсілдерін ұсынды. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

-Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қыркүйектегі Жолдауда Қазақстанды үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналдыру жөнінде нақты міндет жүктеді. Осы үдеріс ұлттық бірегейлігімізге табан тіреп, өзімізге тән құндылықтарымызға заманауи тәсілдермен дәріптеуге тың серпін береді деп сенеміз. Сондықтан біз цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды бағалап, сақтауымыз керек.