Көне Самарқанд төрінде түркі рухы қайта жаңғырды

  • 10
  • 07.11.2025, 19:52

Мәселен, «Түркі әлемінің мәдени коды» каталогы мен «Түркі фольклорлық мұрасы» антологиясы ұсынылып, ортақ мәдени кеңістікті нығайтудың жаңа кезеңі басталды. Сондай-ақ 15 желтоқсан «Дүниежүзілік түркі тілдері күні» болып жарияланып, түркі халықтарының тіл мен мәдениет арқылы жалғасқан бірлігі әлемдік деңгейде мойындалды. Іс шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан және Мажарстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдері мен ғалымдар және мәдениет қайраткерлері қатысты.