СҚО-да 22 мың тұрғын ауызсумен қамтылды

  • 8
  • 07.11.2025, 19:58

Осылайша 22 мың тұрғын таза тіршілік нәріне қол жеткізіп отыр. Бүгінде Су ресурстары және ирригация министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірдің 42 ауылын сапалы ауызсумен қамтитн жобаларды мерзімінен бұрын аяқтаған. Қазір Көкшетау топтық су құбырынан ұзындығы 220 шақырым желіні салу жұмыстары аяқталуға жақын. «Бұл жоба аймақтағы Айыртау мен Шал ақын аудандарына қарасты 24 ауылды тіршілік нәрімен қамтуға мүмкіндік береді»,– дейді мамандар. 

Орынбай Сейітов, Чкалов ауылының тұрғыны:

-Бізде көп үйлерде су ала алмайды. Көрші үйлер арасында ортақ құбырлар бар. Содан алып келіп жүретін. Қазір енді бәрі үйіне су кіргізіп алды, бәрі жеңіл, жақсы, қосасың болды. Септиктер жұмыс істейді, су кір машинасыз жұмыс істейді. Таза, жақсы.

Нұржан Нұржігітов,  ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

-Биыл жалпы республика көлемінде 20 жоба іске асырылып жатыр осы топтық құбырлады. Соның нәтижесінде 200-ден астам ауылдарымыз, оның ішінде 220 мыңнан астам адам таза ауызсумен қамтамасыз етіледі.