Жиынға ұйымға мүше елдердің қорғаныс, өнеркәсіп және құрылыс, сыртқы істер, әділет, ұлттық экономика және сауда министрліктері мен өзге де құрылым өкілдері қатысты.
Бішкекте өткен кездесуде қабылданған шешімдердің орындалуы мен келер жылға арналған басым бағыттар талқыланды. Сондай-ақ әскери-экономикалық ынтымақтастық бастамаларын іске асыру мәселесі қаралды. Қорғаныс саласына мамандар даярлау барысы да сөз болды.
Аян Еслямов, ҚР ҚМ Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы:
- Комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітеміз. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ықпалдастығын арттыру мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Отырыс өте жоғары деңгейде өтті.