Маңғыстауда прокуратура органдары 9 млрд теңге бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуының жолын кесті. Заңбұзушылықтар облыстың барлық аудан-қаласында анықталып отыр. Мәселен, Ақтау әкімдігі әрқайсы 6,7 млн теңгеге бағаланған 12 киіз үйді сатып алмақ болған. Ал олардың нарықтағы құны төрт есе арзан болып шыққан. Қала көшелеріне жерасты қоқыс жәшіктерін орнату жобасына да тым жоғары баға қойылғаны белгілі болды. Прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде 34 жауапты тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, тағы жүзден астам адамға тәртіптік шара қолданылды.
Олжас Айтуар, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры:
-Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органымен нәтижесінде прокуратураның қадағалау актісімен аталған аталған сатып алу күшін жойды. 81,4 млн теңгені құрайтын бюджет қаражаты үнемделді. Тауарлардың жоғары бағалануы, артық және қажеттілігі жоқ тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алуды жоспарлау, сондай-ақ бюджеттік өтінімсіз негізсіз қаражаттың бөлінуі деректері анықталды.