Бүгінге дейін шамамен 70-ке жуық күдікті ұсталып, 170-тен астам іс сотқа жіберілген. Алаяқтар жалған интернет-дүкендерде тауар сату, өзін банк қызметкері ретінде алдау немесе фишингтік сілтемелер жіберіп, тұрғындардың жеке деректерін ұрлау арқылы арам ойын жүзеге асырған. Осыған байланысты «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тәртіп сақшылары жоғары оқу орындары мен мектептерде кездесулер өткізіп жатыр. Полиция қызметкерлері жастарды күмәнді сілтемелерден сақтанып, жеке деректерді байтаныс адамға бермеу керегін ескертуде.
Дәурен Мұханбетәлиев, облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:
- «Кибербақылау» платформасы арқылы 3500-ден астам фишингтік сайт анықталып, бұғатталған. Байланыс операторларымен бірлесіп, жалған нөмірлер мен алаяқтық қоңырауларды анықтау, тұрғындарға SMS арқылы ескерту жіберу жұмыстары да тұрақты жүргізіліп келеді. Интернеттегі алаяқтықтың жолын кесу мақсатында «Киберпол» жедел тобы жұмыс істеп жатыр.