Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов айтты. Оның сөзінше, биыл нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Ал жылу электр орталығының құрылысы келер жылы басталады.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
- Алдын ала инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстары орындалды. Ағымдағы сәтте жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылысты бастау үшін барлық қажетті техникалық шарттар алынды. 2028 жылы бірінші кезекті іске қосу жоспарлануда. Екінші кезегі 2029 жылы аяқталады.