Жоғары сот кеңесі цифрлық жоба жайлы талқылады. Бұл платформа үміткірлерді іріктеу кезеңін ашық әрі жедел өткізуге мүмкіндік береді. «Әрбір кандидат құжат тапсырғаннан бастап, нәтижесі шыққанға дейін барлық қадамды онлайн бақылай алады»,– деді кеңес төрағасы Дмитрий Малахов. Бұрын конкурс жарты жылға дейін созылуы мүмкін еді. Ақпараттық жүйені енгізу арқылы іріктеу мерзімі шамамен бір айға дейін қысқаруы мүмкін.
Евгений Недельский, Жоғары сот кеңесі аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары:
-Кандидат әр кезеңнің нәтижесін жеке кабинетінде көре алады және кезеңдердің уақыты туралы хабарламалар алады. Жасанды интеллекті адами факторды азайтып, қатысушыларға тең мүмкіндік сыйлайды. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту - Мемлекет басшысы жүктеген маңызды міндет.