Қазір «Көксай» шағынауданында 5 үй көшіріліп, тағы он сезігі бұзылады. Ал тұрғындар жаңа пәтерге қоныстанады. Бұл баспаналардың аумағы толық абаттандырылып, инфроқұрылым тартылды. Қоныстойын тойлаған отбасыларды арнамыздың аймақтағы түсіру тобы да құттықтап қайтты.
«Көксай» Шымкенттегі ең ескі шағынаудандардың бірі болып саналады. Бұл жақта апатты тұрғын үйлер өте көп. Қазір олар реновация бағдарлама бойынша бұзылып, құрылыс қарқын алды. Ал алғашқы 83 отбасы жаңадан салынған тұрғын үйге көшіп үлгерді. Солардың бірі Арай Қойшыбаева.
Арай Қойшыбай, қала тұрғыны:
- 48 квадрат метр болған. Бұл жақта 94 квадрат метр алдық. Кең, әдемі. Балабақшалар бар. Мектептер бар жанымызда. 8 үй болдық. Екі подъезде төрт-төрттен. Барлығымыз көшіп келдік осы жаққа.
Марлан Жолдахмет, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары:
- Жеке сектор бойынша енді біз қазір аудан әкімшілігі тарапынан «Көксай 2», «Көксай 3» толық инвентаризация жүргіздік. Бүгінгі таңда «Көксай 2», «Көксай 3» қанша жер үй бар екені туралы ақпарат бізде бар. Инвестор табылған жағдайда бұл жеке секторда реновация бағдарламасына қатысу мүмкіндігін қарастырамыз.
Ендігі кезекті 18 көпқабатты үй бұзылады. Бірақ оған құжат рәсімдеу мәселесі қолбайлау болып тұр.
Данияр Ахметжанов, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы:
- Бұл мәселені тез арада шешіп тастайтын едік. Алайда кейбір тұрғындардың құжаты әлі күнге дейін рәсімделмеген. Сондықтан күтуге тура келеді.
Бұл шағынауданда кейбір үйлер ретсіз салынған. Жергілікті әкімшілік қызметкерлерінің айтуынша, қаланың бас жоспарына сәйкес бұл жақта болашақта заманауи тұрғын үй кешендері бой көтеріп, инфрақұрылым тартылады.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Катерина Попкова, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов