Бұл халықты әлеуметтік қорғау салаларын цифрландыру барысында анықталған жағдай. Үкіметте цифрландыру арқылы бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселелері қаралды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, қазір осы салаға қатысты 16 ұйым цифрланған. Нәтижесінде әлеуметтік салада бірқатар «сұр схема» анықталған. Үкімет басшысының қатысуымен өткен жиында жекеменшік мектептерді қаржыландырудың жаңа тетіктері де сөз болды. Бұл салада да бірнеше заңбұзушылық анықталған.
Биыл көрсетілген қызмет үшін мектептерге төлем жасалады. Алайда келер жылдан бастап мұндағы қызмет жаңа ақпараттық жүйемен қатаң реттеледі.