Ақтөбе облысында мердігерлерге ₸11 млн айыппұл салынды

  • 7
  • 18.11.2025, 17:33

Облыс аумағында түрлі жол жөндеу жұмыстары барысында 278 ақау жіберілгендігі анықталды. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мамандары негізінен асфальттің тығыздығы мен қалыңдығы талапқа сай болмай шығады дейді. Сонымен қатар жолды үнемдеуді көздеген компаниялар да анықталды. Инертті материалдарға қатысты ескертулер де болған. Тексеру қорытындысына сәйкес, мердігер компаниялар жауапқа тартылып, жол құрылысы кезінде жіберілген 82 ақау жойылды. 

Қайрат Мусин, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы:

-Тексеру нәтижелеріне сәйкес 5 техникалық бақылау маманы, сарапшының аттестаты 6 айға тоқтатылды. Сонымен қатар тағы 5 арыз мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданды. Қазір біз тексеру нәтижелерін күтіп отырмыз.