Алматыда түркітілдес журналистер медиафорумы өтті

  • 6
  • 18.11.2025, 19:44

Алматыда өтіп жатқан медиафорумда журналистер осындай бастама көтерді. «Бұл ортақ ақпараттық алаң қалыптастыруға септігін тигізеді»,– дейді мамандар. Халықаралық форум осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Оған бауырлас елдерден БАҚ саласының өкілдері қатысуда. Сонымен қатар мәдени мұра арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау мәселесі талқыланды. Түркі мемлекеттерінің әлемдік аренадағы имиджін нығайту үшін PR стратегиясын үйлестіру, жасанды интеллектіні пайдалану жайы сөз болды. Форум журналистердің кәсіби әлеуетін арттыруды, ортақ жобалар арқылы түбі бір түркі халықтарының мәдени-рухани құндылықтарын дәріптеуді көздейді.

Нәзия Жоямергенқызы, «Түркітілдес журналистер қорының» президенті: 

-Түбі бір түркіге ортақ ақпараттық алаң қалыптастыру. Туризм мен PR арқылы ортақ жобалар жасау. Рухани, тарихи, мәдени құндылықтарды насихаттай отырып түркі елдерінде журналистердің кәсіби шеберлігін шыңдау. Ортақ документалдық фильмдер сонымен қатар түбі бір түркі елдеріндегі журналистердің кәсіби шеберлігін арттыратын байқаулар. Түркітілдес журналистер қоры 9 жылдан бері «Еркін сөз» байқауын өткізіп келе жатыр.