Түркістан облысында болған өртте қылмыстық құрам жоқ

  • 11
  • 19.11.2025, 19:37

Түркістан облысында болған өртте қылмыстық құрам жоқ. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға байланысты Үкімет отырысында баяндама жасады. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрттің себебі әлі анықталып жатқанын айтты. Алғабас ауылындағы жеке тұрғын үйдегі өрт кеше таңғы 05:36-да шыққан екен. Қызыл жалын екі қабатты үйді толық шарпыған. Ғимараттың шатыры ішінара опырылған. Өкінішке қарай 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы бала. Зардап шеккен 3 адам Жетісай аудандық ауруханасының жан сақтау бөлімінде ем алып жатыр.