Шығыс Қазақстан облысында маусымдық жұқпалы респираторлы вирустық инфекцияның таралуына байланысты 32 мектепте 187 сынып қашықтан оқу режиміне көшті. Осылайша бүгінгі күні жалпы 3298 бала онлайн оқып жатыр. Өскеменнің өзінде 21 мектеп мұғалімдері қашықтан сабақ беруде. Жұқпалы вирус шалғайдағы ауыл аймақта да күшейіп тұр. Үлкен Нарын, Күршім, Ұлан аудандарында 11 білім ошағы ішінара қашықтан оқыту жүйесіне ауысты. «Бұндай шешім бекер қабылданған жоқ»,–дейді мамандар. Сыныптағы оқушылардың 30% медициналық анықтамамен сабаққа қатыса алмаған жағдайда ғана онлайн форматқа өту туралы ұйғарым шығарылады.
Бұлбұл Қозыбаева, ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары:
-Онлайн оқытуға көшірілген сыныптың уақыты бұл инкубация кезеңі 3-7 күнге дейінгі уақытқа созылады. Күнделікті бізге әрбір аудан, аудан әрбір мектептен ақпарат беріп отырады. Қазіргі уақыттта мысалы бүгінгі күнге қанша бала онлайнға кетті қанша бала кабинеттік жүйеде оқып отыр, сондықтан да ол бізде күнделікті жаңартылып отырады.