БҚО-да колледж директоры ₸49 млн жымқырған

  • 9
  • 19.11.2025, 19:38

Батыс Қазақстан облысында колледж директоры жалған студенттер арқылы 49 млн теңгені жымқырған. Ол оқу процесіне қатыспаған 54 адамды білім алушы ретінде рәсімдепті. Ол аздай, оқуда «белсенді» деп, кейбіріне көтеріңкі мөлшерде стипендия тағайындаған. Ал жалған студенттердің атына ашылған банк карталарын өзі қолданған. Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

-Оған қатысты бұлтартпау түріндегі үйқамақ шарасы қолданылды. Сот санкциясымен оның пәтеріне тыйым салынды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай жария етілмейді.