Ақтөбелік әйел мемлекетке ₸180 млн-нан астам залал келтірді

  • 9
  • 19.11.2025, 19:47

Ақтөбеде «Декретке миллионмен» курсын оқып алған әйел мемлекетке 180 млн теңгеден астам залал келтірді. Бухгалтерлік және салықтық есеп-қисапты жіті меңгерген ол, декреттік демалысқа шығатын әйелдерді жеке кәсіпкерлікке тіркеп, оларға зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлем төлеп отырған. Яғни жүкті әйелге бюджеттің ақшасын заңсыз алуға сеп болған. Нәтижесінде, Мұғалжар аудандық соты оны ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 5 жыл 6 айға соттау туралы үкім шығарды. 

Жансая Таирова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-Қылмыстық Кодексінің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды, бірақ балалары он төрт жасқа толғанға дейін ұзартылмады. Жәбіреленушінің азаматтық талап қоюын қанағаттандыру құқығы танылып, оның мөлшерін азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жолданды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.