«Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүргізілген тексеру кезінде мамандар комиссиялық дүкендер, автокөлік жалдау мен онлайнт платформалар түрінде жұмыс істеген көлеңкелі микронесиелеу жүйесін әшкереледі. Нәтижесінде 14 заңды және 1 жеке тұлғаға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, азаматтарға келтірілген шығын толық өтелген.
Департамент басшысының орынбасары Сабырғали Балғалиевтің айтуынша, қылмысты талдау барысында кейбір компаниялар тұтынушылармен «тауар сатып алу» шартын жасасып, іс жүзінде оларды кепіл ретінде пайдаланған. Мүлікті қайта сатып жіберіп, жасырын үстемақы алғаны анықталған.
Сабырғали Балғалиев, Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары:
- Қарызды алмаған болса, құқық қорғау органдарына тиісті арызбен жүгіну керек. Содан соң қаржы ұйымына хабарласып, бұл жағдайды түсіндіріп, артық төлемдерін тоқтататуын өтіну керек. Сонымен қатар сол қаржы ұйымынан қаржы алуға негіз болған барлық құқжаттарды талап етіп, қолтаңбаны және өзге құжаттарды қалай қолданғанылғанын білуге болады.