Еңбек заңнамасын бұзғандар жазаланды

  • 40
  • 20.11.2025, 19:35

Оның басым бөлігі жалақының уақытылы және толық көлемде төленбеуі, еңбек шарттарын жасау тәртібінің сақталмауы сынды еңбек қатынастары саласына тиесілі болса, қалған мыңнан астам заңбұзушылық еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне байланысты анықталған. Мемлекеттік еңбек инспекциясының тексерісі кезінде негізінен жұмысшыларда арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарының болмауы, қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғаларды уақтылы тергемеу немесе оларды жасыру фактілері тіркелген. Тиісінше, жұмыс берушілерге 3 мыңнан астам нұсқама беріліп, 430 миллион теңгеге жуық сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

Мейрамбек Ахметов, ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы:

- Жыл басынан бері еңбекақы бойынша 2 млрд теңгеден астам берешек анықталды. Оның 86% мемлекеттік инспекторлар арқылы өндіріліп алынды. Бақылау шараларының нәтижесінде 50 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Ең үлкен берешек Алматы облысында 195 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысында 140 млн теңге, Астана қаласында 124 млн теңге.