Оның аясында азаматтарды есепке алу ісі цифрландырылады. Атап айтқанда, енді мекенжайын ауыстырған ерлер туралы мәліметтер автоматты түрде тіркеледі. Сондай-ақ әскерге шақырылудан босатылған оқу орындарының студенттері, науқас жандар және тағы басқа санаттағы азаматтарға хабарлама жіберілмейді. Ең бастысы, 17 жасқа толған балалар әскери комиссариатқа келмей-ақ, есепке алына береді. Нәтижесінде оларды жинау үшін шығын болмайды. Әрі әскерден жасырыну мүмкін емес.
Тек Астана қаласы бойынша былтыр осы жүйе аясында әдеттегіден 3 мың бала артық тіркелген. Бүгінде бұл жобаға облыстық, қалалық және аудандық бөлімдер қосылған.
Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
- Ең алғашқы азаматтың әскермен кездесуі 17 жасында басталады. Алдыңғы жылдан бастап біз бұл «приписканы» проактивті түрге ауыстырдық. Яғни азаматтарды тіркеуге оларсыз аламыз. Бірақ еговқа кіріп, өзінің жеке кабинетінде көре алады. Алдыңғы жылдары НВП мұғалімі балаларды жинап, әскери комиссариатқа алып келетін болса, қаңтар-ақпан айында, одан кейін марттан бастап бізде әскерге шақыру басталады.