Балаларға зиян 38 мың интернет-ресурс бұғатталды

  • 9
  • 24.11.2025, 19:39

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Бұдан өзге, биылғы он айда 300-ден астам әкімшілік іс тіркеліп, 198-і буллинг деректері  бойынша жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, былтырдан бері елімізде буллинг және кибербуллинг үшін шара қарастырылып отыр. Бұдан өзге, балаларды зиянды ақпараттан қорғайтын заң бар. Оның аясында мониторинг жүргізіліп, қауіпті контенттер бұғатталады. Сарапшылардың айтуынша, балалардың цифрлық ортада белсенді болуы және интернет кеңістікке құштарлығы ата-аналар мен мамандардың жіті назар аударуын қажет етеді.    

Мадина Бисембаева, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз хатшысы:

- Бала қандай сайттарды қарайтынын, кіммен байланыс жасайтынын қадағалау қажет. Сондай-ақ құрылымдарда ата-ана бақылауы функцияларын қосып қойған жөн. Бұл қауіп-қатерді дер кезінде анықтап, баланы зиянды контенттен қорғауға мүмкіндік береді.