Шымкенттік полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті дронмен бақылай бастады

  • 9
  • 24.11.2025, 19:36

Сонымен қатар жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін де қолданылады. Құрылғы күндіз-түні түсірілім жасай алады. Бейнежазба бірден орталыққа жіберіліп, соған сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Қажет жағдайда тәртіп сақшылары оның дыбыс ұлғайтқышымен тұрғындарға ескерту жасай алады.

Тоқтарбек Әшірбаев, Шымкент қалалық ПД Патрульдік полиция полкінің командирі:

- Қала аумағында сараптама анализ жасаймыз. Қай жерде жол-көлік оқиғасы орын алған жерлер. Қала аумағында камерамен қамтылмаған көше қиылыстары бар. Көп жерде жол ережесін сақтамай, қарсы бағытқа шығып кететін кездер болады. Жаяу жүргіншілерге жол бермейтін оқиғалар болады. Соның бәрін алдын алып, жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтау мақсатында қызмет атқарудамыз.