Тұтынушылардан түскен шағым 3 есе өскен

  • 7
  • 24.11.2025, 19:37

2020 жылы комитетке 21 мың өтініш келіп түссе, биылғы 10 айда бұл көрсеткіш 68 мыңнан асыпты. Бұл туралы Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Таңабергенов мәлімдеді. Оның сөзінше, көбінесе азаматтардың бөлшек саудаға көңілі толмайды. Өтініштің 41 пайызы осы салаға тиесілі. Ал шамамен 23 пайыз азамат электрондық сауда жасаймын деп сан соққан. Үшінші орында тұрмыстық қызметтер саласы тұр. Шамамен 8 пайыз азамат осы бағытта өтініш қалдырған. 

Болат Таңабергенов, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы : 

- Келіп түскен шағымдардың жалпы санынан тұтынушылардың 37% немесе 25 мыңы өтініштері толық көлемде қанағаттандырылды. 34% немесе 23 мың тұтынушы түсініктеме мен кеңес алды. Өтініштердің 15,5 мыңы бірлескен жұмыс жүргізу үшін басқа мемлекеттік органдарға жіберілді.